Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысы
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (14.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
«72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;».
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережеде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заң қызметтерi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру, оның iшiнде әдiлет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында заң қызметтерi қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу үшiн тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«заң қызметтері қызметкерлерінің санын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалпы штат санының кемінде 5%-ы болатындай қамтамасыз ету. Орталық аппаратының штат саны 500 және одан көп бірлікті құрайтын мемлекеттік органдарға қатысты 5 %-ды есептеу 500-ден жүргізіледі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларының өтуі кезінде, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Премьер-Министр Кеңсесінде және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;»;
он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, нормативтік құқықтық актілер жобаларының, сондай-ақ «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің заң сараптамасының нәтижелері бойынша Әділет министрлігінің ескертулерін талдайды және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына, сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға) оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді және жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күніне дейін жылына екі рет Әділет министрлігіне жүргізілген талдау және қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;
шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Осы Үлгі ереженің 8-тармағының он бірінші абзацына сәйкес ұсынылатын мемлекеттік органның ақпараты:
1) келісілуге жіберілген Заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының (бұдан әрі – жобалар) және мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) санын;
2) келісілген жобалардың, тіркелген НҚА санын;
3) мынадай ескертулердің сипаты бойынша бөлінген:
Конституцияға қайшы келетін;
жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін;
редакциялық ескертулер;
заң техникасы бойынша ескертулер бойынша пысықтауға қайтарылған жобалар және мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА санын;
4) норма шығармашылық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ақпаратты қамтуға тиіс.
8-2. Әділет министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша берілген ақпаратты талдайды және жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдарға қорытылған ақпаратты жібереді.
Қорытуда осы Үлгі ереженің 8-1-тармағында көзделген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдары бар қорытындыны талдау қамтылуға тиіс.».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 486 Қаулысымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия