Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы
Редакция 12.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 20-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.01.2024 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
 № 325 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультативтік–кеңесу органы;
2) көзделмеген шығындар – көзделмегендігіне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында дереу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген қарыздарды уақтылы өтемеу және оларға уақтылы қызмет көрсетпеу Қазақстан Республикасы үшін беделдік және қаржылық салдарға әкеп соғатын тәуекелдер бойынша не инженерлік инфрақұрылым құрылысының қымбаттау және (немесе) тоқтап қалу тәуекелдері болған кезде қаржыландыруды талап ететін шығындар;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.06.2022 жылғы № 448 Қаулысына сәйкес (02.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегі – басқа мемлекеттердің аумағында әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге өтеусіз көрсететін көмек.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.12.2015 жылғы № 1027 Қаулысына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің қатаң нысаналы мақсаты бар әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерінде көзделмеген қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешімдерін, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актісін дайындау мынадай:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.12.2015 жылғы № 1027 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2018 жылғы № 58 Қаулысымен (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Республикасы Үкіметінің 04.06.2018 жылғы № 312 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2018 жылғы № 744 Қаулысымен (01.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (31.12.2018 жылға дейін қолданылады)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2018 жылғы № 893 Қаулысымен (13.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.11.2020 жылғы № 775 Қаулысына сәйкес (02.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.02.2021 жылғы № 88 Қаулысына сәйкес (19.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi