Близость слов: Окончание:





Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10695 тіркелді
Редакция 01.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ресми тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 141 бұйрығымен бекітілген
Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар
         1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар (бұдан әрі – міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi