Близость слов: Окончание:





Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10676 тіркелді
Редакция 20.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 жылғы № 346-Ө Бұйрығына сәйкес (01.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орман билетінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 23 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 11 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі 
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 ақпан
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығымен (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2020 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.11.2025 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (17.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Сериясы

Серия

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

РЕСПУБЛИКА

КАЗАХСТАН

  1. _______________________________ облысы 20 ___ жылғы «___» __________
  2. Мекеме (орман иеленуші) ____________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi