Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2018
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы өтініштің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10855 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 02.10.2018 жылғы № 875 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 249-бабы 4-тармағының 1) тармақшасымен сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы өтініштің қоса тіркеліп отырған нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» құқықтық-ақпарат жүйесіне ресми жариялауға жіберу қамтамасыз етілсін.
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
 № 197 бұйрығымен
 бекітілген
Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
 мерзімін өзгерту туралы
 өтінішке 1-қосымша
Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
 мерзімін өзгерту туралы
 өтінішке 2-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi