«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурыздағы № 10554 тіркелді
Осы тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 137 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығымен бекітілген
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 593 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 137 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын осы сертификаттау талаптары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, авиация персоналын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бәріне қолданылады.
3. Осы сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 593 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 137 Бұйрығымен (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (06.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – АОО);
2) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;
Полная версия