Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10839 тіркелді
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2022жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2022жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.06.2017 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі Кодекстің 41-бабының 4-1-тармағымен айқындалады.
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес болуы қажет:
1-тарау 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;
1-3. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
1-тарау 1-3-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақтың ережесі денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қолданылмайды.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Кодекстің 41-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырыс нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс ұсынады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 15.12.2015 жылы тіркелді
4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 08.02.2018 жылы тіркелді
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығымен (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.
5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 15.12.2015 жылы тіркелді
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.
8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 08.02.2018 жылы тіркелді
4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2022жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетеді.
9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 жылғы № 566 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 15.12.2015 жылы тіркелді
9-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2022жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі – шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 08.02.2018 жылы тіркелді
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Шартта мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштері, орындау мерзімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігін қамтиды.
11-1. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
Осы Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 29.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.
13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты ұйымы немесе «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 08.02.2018 жылы тіркелді
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 жылғы № 296 Бұйрығына сәйкес (01.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Осы Қағидалар 14-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады.
Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына 1-қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 08.02.2018 жылы тіркелді
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету және бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау
Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері
Мемлекеттік
тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына 2-қосымша
Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2022жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп _________________ жылға арналған есепті кезең
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы _____________________________________________________________________ Мекенжайы _________________________________ Телефон _________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________ Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы ___________________________________________ __________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Орталық атқарушы органның аппарат басшысы / мемлекеттiк мекеме басшысы __________ ________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бюджеттік бағдарлама басшысы _______ __________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бас бухгалтер/ қаржы-экономика бөлімінің бастығы ________ _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:
8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.