«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10992 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 118 бұйрығымен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидалары (бұдан әрі - Ереже) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есепке алу карточкасы - тарихи-мәдени мұра объектісінің алғашқы мәліметтерін, қысқаша сипаттамасы мен иллюстрациялық материалын қамтитын құжат;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі - паспорт) – тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын құжат;
3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығымен (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтау және есепке алу
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тарихи-мәдени мұра объектісін анықтауды және есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қамтамасыз етеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау еліміздің айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы бар тарихи-мәдени мұра объектісі табылған тарихи-мәдени мұра объектілерін табу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
5. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша табылған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын-ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуы тиіс.
6. Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектілеріне осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасын (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) толтырылады.
Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектілері туралы жаңа деректер есепке алу карточкасының қосымша ретінде тіркеледі.
3-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мәртебе беру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілен тарихи-мәдени мұра объектісіне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне (бұдан әрі – жергілікті маңызы бар тізім) енгізілген ескерткішке республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыныс хатпен қоса төмендегі құжаттарды жолдайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектісінің есепке алу карточкасы немесе жергілікті маңызы бар төлқұжаттың көшірмесі;
2) мөлшері 15x20 сантиметр фотосуреті.
8. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органға құжаттарды қараусыз қайтарады.
9. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар толық болған жағдайда уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қарайды.
10. Уәкілетті орган қарау барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 219 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4933 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) бекітілген Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Сараптама жүргізу ережесі) тарихи-мәдени сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Тарихи-мәдени сараптама жүргізілгеннен кейін, осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген тарихи-мәдени мұра объектілері құжаттарына тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес құрылған уәкілетті органның арнайы комиссияның (бұдан әрі – арнайы комиссия) қаралуына ұсынылады.
12. Арнайы комиссия осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды, тарихи-мәдени сараптама қорытындысымен қоса тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар ескерткішке республикалық маңызы бар мәртебесін беру мүмкіндігін қарайды.
13. Арнайы комиссия қарау кезінде тарихи-мәдени мұра объектісінің немесе жергілікті маңызы бар ескерткіштің еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін айрықша маңыздылығын, тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығын зерделейді.
14. Арнайы комиссия қарау нәтижесіне бойынша тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар ескерткішке республикалық маңызы бар ескерткіш деп тану немесе танымау туралы ұсынымдық сипаттағы қорытынды шығарады.
15. Уәкілетті орган арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін тану туралы қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізіміне (бұдан әрі – Республикалық маңызы бар тізім) енгізу арқылы республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.
Арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш деп танымау туралы қорытындысы негізінде уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап хат жолдайды.
15-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес
16. Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілеріне ескерткіш мәртебесін беру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17. Жергілікті атқарушы орган тарихи мәдени мұра объектілері бойынша оларға жергілікті маңызы бар ескерткіші мәртебесін тану туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тізімге енгізу арқылы жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру туралы шешімін қабылдайды.
Тарихи-мәдени мұра объектілеріне жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін танымау туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган оны алдын-ала есепке алу тізімінен шығарып тастайды.
18. Археологиялық ескерткіштер анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие болады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
19. Тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған Тарихи-мәдени мұра объектілеріне жергілікті атқарушы орган осы Қағидаға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша паспортты ресімдейді. Тарих және мәдениет ескерткіші туралы жаңа дерек түскен кезде тарих және мәдениет ескерткішінің паспортына жаңа деректер қосымшасы тіркеледі.
4-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мәртебесін айыру тәртібі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
20. Заңның 5-бабының бесінші бөлігіне сәйкес тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесінен айыру және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.
21. Республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы ұсыныс хатты төмендегі құжаттармен қоса жолдайды:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) тарих және мәдениет ескерткішінің төлқұжаты, есеп карточкасы;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау міндеттемесі.
22. Осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган, осы Қағиданың 8-11 тармақтарда белгіленген тәртіпке сәйкес қарайды.
23. Арнайы комиссия құжаттарды қарау нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру немесе айырмау туралы қорытынды шығарады.
24. Уәкілетті орган арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесін айыру туралы қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік тізімінен (бұдан әрі – Республикалық маңызы бар тізім) шығару арқылы республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды.
Арнайы комиссияның республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айырмау туралы қорытындысы негізінде уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айырудан бас тарту туралы дәлелді жауап хат жолдайды.
25. Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру үшін жергілікті атқарушы орган Сараптама жүргізу ережесіне сәйкес тарихи-мәдени сараптама жүргізеді.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2017 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
26. Жергілікті атқарушы орган тарихи жергілікті маңызы бар ескерткіші мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тізінен шығару арқылы жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы шешімін қабылдайды.
Жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін айырмау туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде оның мәртебесі сақталады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидаларына 1 қосымша
нысан
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІСІ ОБЪЕКТ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА
Алғашқы деректер |
||||
1. |
Объектінің атауы |
|
||
2. |
Типологиялық тиістілігі |
Археология |
Қала құрылысы және сәулет |
Ансамбль |
|
|
|
||
3. |
Объектінің мерзімделуі |
|
||
4. |
Техникалық жай-күйіне |
Жақсы |
Қанағаттанарлық |
Қанағаттанарлықсыз |
|
|
|
||
Объектінің қысқаша сипаттамасы |
||||
Объектінің иллюстрациялық материалы |
||||
Жалпы көрінісінің c у pe т i (қосымша) - |
|
|
|
|
Карточканың жасалған күні |
|
|
|
Құрастырушы (тегі, әкесінің аты, қызметі) Мөрдің орны
Составитель (фамилия, инициалы, должность) Место печати
Есепке алу карточкасының қосымша Приложение к учетной карточке
Объектінің атауы |
|
Объектінің жаңа деректер қысқаша сипаттамасы |
|
Объектінің иллюстрациялық материалы |
|
Жалпы көрінісінің c у pe т i (қосымша) - |
|
Қосымшаның жасалған күні |
|
Ескерту: есеп карточкасының қосымшасы жаңа деректер пайда болған жағдайда толтырылады.
Примечание: приложение к учетной карточке заполняется при возникновении новых сведений.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру мен мәртебесінен айыру қағидаларына 2 қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ ПАМЯТНИК ИСТОРИИ И КУЛЬТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПАСПОРТ ПАСПОРТ
1. |
Ескерткіштің |
|
||||||
2. |
Типологиялық тиіcтiлігi |
Археология |
Қала құрылысы және сәулет |
Ансамбль |
||||
|
|
|
||||||
3. |
Ескерткіштің |
|
||||||
4. |
Ескерткіштің |
____________________________________________________ |
||||||
5. |
Қ a з ip г i кездегі пайдалану сипаты |
Бастапқы |
Мәдени |
Туристік- |
Емдеу- |
Үй-жайлар |
Шаруашылық |
Қолданылмайды |
|
|
|
|
|
|
|
||
6. |
Қосымша |
Жалпы көрінісінің cуpeтi - |
||||||
7. |
Тарихи мәліметтер: |
|||||||
а) ескерткіштің бастапқы келбетін өзгерткен қайта құрулар мен жойылулар: |
||||||||
б) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары (жалпы сипаттамасы, уақыты, авторы, құжаттаманы сақтау орны): |
||||||||
8. |
Ескерткіштің сипаттамасы: |
|||||||
9. |
Негізгі библиография, мұрағаттық түпнұсқалар, иконографиялық материал: |
|||||||
10. |
Техникалық жай-күйі: |
жақсы |
қанағаттанарлық |
қанағаттанарлықсыз |
авариялық |
|||
|
|
|
|
|
||||
11. |
Техникалық жай-күйіне сипаттама: |
|||||||
12. |
а) ескерткіш мәртебесі: |
|
||||||
|
б) қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының шекарасы: |
|
||||||
|
в) меншік тү pi : |
|
||||||
|
г) қорғау міндеттемесінің берілген күн i және нөм ipi |
|
||||||
13. |
Паспорттың толтырылған күні: |
20__жыл «___» _____________ |
Құрастырушы: (тегі, әкесінің аты, қызметі) Мөрдің орны
Составитель: (фамилия, инициалы, должность) Место печати
Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы
органының өкілі:
Представитель местного исполнительного органа области (города
республиканского значения, столицы):
________________________________________
(тегі, әкесінің аты, қызметі, қолы)
(фамилия, инициалы, должность, подпись)