"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10938 тіркелді
Орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 жылғы № 295 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 6 мамырдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 жылғы № 104 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Орыс тіліндегі мәтіннің кіріспесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2016 жылғы № 295 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи қорғау монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметінің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
беру қағаз түрінде кеңсе арқылы және (немесе) электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз нысанында ресімделеді немесе электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады.