Близость слов: Окончание:





Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10427 тіркелді
Редакция 12.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 31 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (23.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызметі үшін мыналардың болуы

1.

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясын сипаттайтын технологиялық регламенті


 

2.

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін (орналасқан орны); шарттың нөмірін және шартқа қол қою күнін, егер өзге заңды негіздер болса; шарт жасасылған ұйымның атауын қамтитын, мәлімденген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар).

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен алу.

Егер өзге де заңды негіздер болса, растайтын құжаттардың көшірмесі ұсынылады.


 

тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу бойынша тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылғылар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 


 

пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:

1) Жарылғыш қажетті заттарды сақтайтын қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт немесе лицензия;

2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 


 

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтар

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 


 

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде химия өндірістерін пайдалану үшін:

1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;

2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

3.

мыналарды: машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды («химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қорғауды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар немесе қызметтер;

6) қоршаған ортаны қорғауды;

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері


 

4.

тиісті білім деңгейіне сәйкес техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы

заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, тиісті саладағы еңбек өтілі


 

Өнеркәсіп саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану бойынша қызмет үшін:
1) Өндірістік база өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтитын, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар) туралы мәлімет:
  жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (орналасқан жері)______;
  өзғе заңды негізде болған жағдайда шарттың нөмірі мен қол қойылған күні________________________________________________;
  шартты жасаған ұйымның атауы__________________________________;
2) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:
Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат
  __________________________________________________________________________________________
  __________________________________________________________________________________________
  __________________________________________________________________________________________
  (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету);
3) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізуге:
  жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі_____;
  шарттың нөмірі*________________________________________________;
  шарттың жасалған күні*__________________________________________;
  жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы*____________________________________________________;
  ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат_____________________________________________________________;
ескертпе:*осы тармақшаның 2), 3) және 4) абзацтарындағы мәліметтер ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда толтырылмайды;
4) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін;
ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:
  тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат____________
  ____________________________________________________________________
  тетіктердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат __________________________________
  ____________________________________________________________________
  (қолда бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
  өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхана аттестатының нөмірі және берілген күні______________________________________________________;
  аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі*_______________;
  аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні*_________________.
Ескертпе: *осы тармақшаның 3) және 4) жолдарындағы мәліметтер меншікті зертханасы болмаған кезде толтырылады.
Полная версия
ИС BestProfi