«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10434 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________Е. Досаев 2015 жылғы 31 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
| Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрі үшін | |||
| 1. | технологиялық желіні; мамандандырылған өндірістік ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын меншік құқығындағы өнеркәсіптік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық база | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 2. | уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 3. | жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 4. | тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауінсіздік саласындағы уәкілетті органда аттестатталған ұйымда өнеркәсінтік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік- техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 5. | өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 6. | арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 7. | ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 8. | ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрі үшін | |||
| 1. | мамандандырылған өндірістік ғимаратты; өндірістің техникалық жобасына сай келетін уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өнеркәсінтік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық база | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 2. | жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 3. | тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік- техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 4. | күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 5. | арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 6. | ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспары | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 7. | ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауінсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| Уларды сатып алу, сақтау, өткізу жөніндегі кіші қызмет түрі үшін | |||
| 1. | уларды сақтауға арналған меншік құқығындағы арнайы жабдықталған өнеркәсіптік, санитарлық-эпидемиолоғия лық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қойма | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 2. | еңбек қауінсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 3. | тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсінтік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік- техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 4. | арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен күзет қызметіне шарт | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 5. | арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғану құралдары | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
| 6. | ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтар | уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны |
|
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналардың бар/жоғы:
1) Меншік құқығындағы өнеркәсінтік, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық база:
мамандандырылған өндірістік ғимарат___________________________;

