Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11002 тіркелді
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 19.01.2026 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (04.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
Үлгі шарттары өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 жылғы № 589 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Үлгі шарттары жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.04.2020 жылғы № 257 Бұйрығына сәйкес (31.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
____________ ____________________
(қала) (күні: күні, айы, жылы)
Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(жергілікті атқарушы органның немесе уәкілетті ұйымның атауы)
_________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
____________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган немесе уәкілетті ұйым өкілінің лауазымы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы)
_________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құжаттың атауы)
басшы ______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.
1. Ұйымдастырушы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршрутына қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.