«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2018
"Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11056 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.04.2018 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ____________А.Сәрінжіпов 2015 жылғы 15 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________Т.Дүйсенова 2015 жылғы 10 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығымен бекітілген
«Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» cанитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Санаториялық және сауықтыру объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрi – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
2. Осы Санитариялық қағидалар қызметі емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелеу жұмыстарын және мәдени бос уақыттарын ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы киiм – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
2) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшiн жабдықталған алаң, қалқа;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнің және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
Полная версия