Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11236 тіркелді
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22, 27 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 21.06.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (28.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 20.12.2022 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (21.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 14.02.2025 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (20.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А.Дауылбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________ И.Тасмағамбетов
2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау
Қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін реттейді (бұдан әрі - Қағидалар).
2. Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жазбаша түрде өтініш (бұдан әрі – өтініш):
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымға қабылдану жағдайында – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура);