Близость слов: Окончание:





«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (коды 0481104, индексі 3-ақпарат, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы» (коды 0522104, индексі Н-020, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қарашадағы №38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 1 қаңтарда № 10063 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.  
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  
Полная версия
ИС BestProfi