Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық кұрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11234 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық кұрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың  интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің 
міндетін атқарушы  Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 _____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 4 сәуір
 «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 10 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 355 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша алынып тасталды  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 355 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 42 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2017 жылғы № 350 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.12.2017 жылғы № 866 Бұйрығымен (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.04.2020 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2021 жылғы № 315 Бұйрығымен (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.10.2021 жылғы № 527 Бұйрығымен (21.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 жылғы № 170 Бұйрығымен (өзгерту 07.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 жылғы № 736 Бұйрығымен (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына  және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының  1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау және «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру», «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.  
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемелердің командалық құрамына қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом алған адамдарға кәсіби диплом беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi