Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2019
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10927 тіркелді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – МК) даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
2) даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) – МК, АҚ және мемлекетке тиесілі акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) ЖШС қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi