Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11326 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 05.06.2025 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 жылғы № 346-Ө Бұйрығына сәйкес (05.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Ереже мәтініндегі «бас орман күтушілер», «бас орман күтіушілердің орынбасары», «бас орман күтушісі», «бас орман күтушінің орынбасары», «орман күтушісі», «орман күтушінің көмекшісі», «орманшылар» сөздері «бас орманшылар», «бас орманшылардың орынбасарлары», «бас орманшы», «бас орманшының орынбасары», «орманшы», «орманшының көмекшісі», «орман күтушілері» сөздерімен ауыстырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығы бойынша (15.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Мемлекеттiк орман күзетi ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерiнен тұрады.
2. ММемлекеттік орман күзеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 208) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ормандарды қорғау, молайту және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнамасы, сондай-ақ орманға зиян келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасау бөлігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 жылғы № 346-Ө Бұйрығына сәйкес (05.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан ұйымдардың барлық қызметкерлері, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Орман кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын және Кодекстің 67-бабына сәйкес бекітілген ормандардағы санитариялық қағидаларды сақтауын қамтамасыз ету.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 жылғы № 346-Ө Бұйрығына сәйкес (05.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен, зақымданудан, талан-таражыға салынуынан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен қорғау, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн қорғау;