Близость слов: Окончание:





Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-12-/130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 мамырдағы № 11240 тіркелді
Редакция 17.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру Қағидаларының 41-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 09.06.2016 жылғы № 11-1-2/243 Бұйрығына сәйкес (03.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 23.08.2017 жылғы № 11-1-2/371 Бұйрығына сәйкес (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 жылғы № 11-4/137 Бұйрығына сәйкес (23.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 27.09.2022 жылғы № 11-1-4/497 Бұйрығына сәйкес (15.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2264 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 25-26, 866-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 08-1/363 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 болып тіркелді, 2006 жылғы 1 ақпандағы № 28(24281) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Р. Жошыбаев
Келісілді» 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрі 
А. Сәрінжіпов______________ 
2015 жылғы 9 сәуір
«Келісілді» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік  
комитетінің төрағасы 
Н. Әбіқаев ________________ 
2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
 міндетін атқарушының
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 11-1-2/130 бұйрығымен
 бекітілген
Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Есепке қою
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 жылғы № 11-4/137 Бұйрығына сәйкес (23.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (бұдан әрі – балалар) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрi – Министрлік) есепке қою олар Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткенге дейiн Министрлікте жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi