Близость слов: Окончание:





«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 22) тармақшасына және «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:  
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ә. Исекешев
« _____ » _____________ 2015 жылы

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика минист рі
___________________ Е. Досаев
« ____ » ___________ 2015 жылы
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және өнім беретін әрі өнім бермейтін жануарларды азықтандыруға арналған азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне, сондай-ақ шикізатқа, бастапқы материалдарға, реагенттерге және оларды өндіру, өткізу, тасымалдау, қолдану, сақтау және жою процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Техникалық регламент жануарларға арналған азық, жартылай фабрикаттар немесе пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне қарамастан басқа да азықтарды өндіруге арналған шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын), сондай-ақ айналымға арналған жем-шөпке және жем-шөп қоспаларына қолданылады.  
Осы Техникалық регламенттің күші әсер ететін өнім түрлері мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.  
Осы Техникалық регламент жеке қолдануға арналған және генетикалық түрлендірілген өсімдік және/немесе басқа шикізаттан дайындалған, үйде (фермерлік) дайындалған жем-шөпке және жем-шөп қоспаларына қолданылмайды.  
Полная версия
ИС BestProfi