1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 1-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 15.03.2017 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Іскерлік байланыстар» құралы және «Бизнес-мектеп» құрамдауышы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының базасында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, қаржылай емес қолдау операторы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқуға жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30,15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30, 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Полная версия