1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2021
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 3-қосымша
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 жылғы № 760 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 жылғы № 281 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.07.2017 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.04.2019 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады».
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:
1) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) - дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күн;
Егер көрсетілетін қызметті алушының және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын болса, онда келесі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
2) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/Даму Банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, анықталған ескертулерді көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Веб-порталда:
1) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн;
2) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күн.
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға ескертулері болған жағдайда оларды жою үшін ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну және/немесе қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру туралы сұрату жіберуі – 3 (үш) жұмыс күн. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыдан электрондық өтінімді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
Полная версия