«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2- тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін бекіту туралы және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу туралы
1. Қоса беріліп отырған Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағидалары бекітілсін.
2. «Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетті атқарушы 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 307/1-ө, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 194 Бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу № 3980, «Заң газеті» 2006 жыл 10 наурыз № 42-43(849)) күшiн жойды деп танылсын
3. Азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесi ең төмен күнкөрiс деңгейi құнының 40 % мөлшерiнде белгiленсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрі әлеуметтік даму министрі __________________ ______________________
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің ________ жылғы ________ № _____ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің _______ жылғы _______ №___ бірлескен бұйрығымен бекітілген
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесі
Осы Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу қағида (бұдан әрі – Қағида) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 19 мамырдағы Заңының 17-бабының 2- тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеудің тәртібін белгілейді.
Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлік себеті - ғылыми-негізделген тұтыну нормалары бойынша адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті тамақ өнімдерінің ең төмен жиынтығы;
Полная версия

