Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерді бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 қыркүйекте № 9739 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 7-1-тармақшасына, 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің
 2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 9 бұйрығымен бекітілген
Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері
1. Осы нормативтер әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қажетті нормативтік сандарын, уақыт нормаларын, қызмет көрсету нормаларын (бұдан әрі - еңбек жөніндегі салааралық үлгілік нормативтері) белгілеу және негіздеу үшін әзірленген.
2. Жинақта келтірілген «дейін» деген сандық мәндердің шектерін қоса алғанда деп түсіну керек.
3. Нормативтерде дайындық-қорытынды жұмыстарға, демалысқа және жеке мұқтаждыққа кеткен уақыт ескерілген.
4. Егер жабдықтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына осы нормативтерде көзделгеннен аз қызметкерлер күтім жасаса және бұл ретте, техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, жұмыс технологиясы мен сапасы ережелерінің талаптары орындалса, қызметкерлердің іс жүзіндегі саны сақталады.
Қызмет көрсету учаскелері бойынша қызметкерлердің саны өндірістік қажеттілікке байланысты бөлінеді.
5. Жинақтың нормаларында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес жұмыстарды орындау көзделген.
Полная версия
ИС BestProfi