Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2017
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10305 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 16.07.2015 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1.1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың және сот сараптамасын бір реттік тәртіпте жүргізетін басқа да адамдардың сот сараптамасы объектілерін ұсынудың, қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және кері қайтарудың тәртібін белгілейді.
1.2. Сот сараптамасы объектілері болып, заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізілетін істердің материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі - Сот сараптамасы объектілері) жатады.
2. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі
2.1. Сот сараптамасы объектілері сот сараптамасы органына немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамға тікелей сот сараптамасын тағайындайтын адам, не оның уәкілетті өкілі поштамен, арнайы байланыс арқылы жолдайды.
Пошта арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат бұйымдар, құнды қағаздар, шығу тегі биологиялық үлгілерді олардың табиғи күйінде жіберуге жол берілмейді.
2.2. Сот сараптамасы объектілері олардың зақымдануы, ауысып кетуі, өзгеруі мүмкіндігін болдырмайтын және істер мен материалдар бойынша объект мағынасын беріп отырған белгілері мен қасиеттерінің, сонымен қатар ондағы іздердің сақталуын қамтамасыз ететін орауышқа салынады.
Сот сараптамасы объектілерін тасымалдау кезінде олар өз қасиеттері мен пішіндерін жоғалтпайтындай етіп орау қажет, сондай-ақ оларды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау керек.
Әрбір тасымалдаушы-бұйым мен заттардың үлгілері жеке ыдысқа орап салынады.
Сот-гистологиялық сараптамасының (зерттеулерінің) объектілері үшін бір ыдысқа орап салуға жол беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi