Близость слов: Окончание:





Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді
Редакция 23.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 28 мамыр   
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 457 бұйрығымен
бекітілген
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 жылғы № 878 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 жылғы № 282 Бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1232  Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 04.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 жылғы № 302 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.
Полная версия
ИС BestProfi