«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабына және «Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2018
Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 775 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі;
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысымен бекітілген
Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 419-бабына және «Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне (бұдан әрі - КОК № 329 шешімі) сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда уәкілетті мемлекеттік кіріс органы (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органы) деп өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган түсініледі.
2. Арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібі, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары
4. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осы Қағидаларда және КОК № 329 шешімінде белгіленген оларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына сәйкес қолданылады.
5. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде елшіліктердің, консулдықтар мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік әкету баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Елшіліктердің, консулдықтардың және басқа ресми өкілдіктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлар елшіліктердің, консулдықтардың және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналғандығы туралы осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тізбемен қоса, жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының аумағында және осы аумақтан тыс жерлерде орналасқан, олардың әскери дайындығын сақтау, олардың алға қойылған міндеттерін орындауы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орны ауыстырылатын әскери бөлімдері (мекемелері, құралымдары) арасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ шектеулер мен тыйымдар қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кіріс органына жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Полная версия