Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11595 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (16.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (16.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойыншақызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiкталаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
меншік құқығындағы астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)
Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
2
технологиялық жабдықтар: (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған сыйымдылықтар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық
Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
3
өткізу режимі, аумақтың қоршалуы, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар
Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
4
өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхана
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар. Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
5
тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы
Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
6
Интернет желісіне қолжетімділік
Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Астық қолхаттарын шығара отырып,
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметке қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Өлшеу құралдарының типiн бекiту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері береді)