Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11664 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 30.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9374 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған) 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Полная версия
ИС BestProfi