Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2021
Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11657 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-336/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
_______________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 12 маусым
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 27 мамырдағы
 № 407 бұйрығымен
 бекітілген
Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары
1. Осы Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 35) тармақшасына сәйкес әзірленген және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне (бұдан әрі – өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру және тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есептік нөмірлерінің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) есептік нөмір – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;
3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Полная версия
ИС BestProfi