Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11602 тіркелді
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 16.05.2025 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (28.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 жылғы № 105 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 жылғы № 375 Бұйрығымен (21.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 жылғы № 743 Бұйрығымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 жылғы № 615 Бұйрығына сәйкес (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 16.05.2025 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (28.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қолданылады.