«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653–бабы 6–тармағының 1 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10611 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 143 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1) осы бұйырыққа 1–қосымшаға сәйкес Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары бекітілсін;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 01.08.2016 жылғы № 418 Бұйрығымен (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2016 жылдан бастап)
4) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі
2. Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жатады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 07.12.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия