Близость слов: Окончание:





"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11659 тіркелді
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы бұйрыққа 114-174-қосымшаларға сәйкес мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дүниетану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 7-қосымшада:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) еңбексүйгіштікке, өзінің және өзгенің еңбегіне құрметпен қарауға баулу;
14) қоғамдық игілік және олардың құндылығы туралы түсінік беру.»;
«1) адам еңбегі, еңбек ету арқылы нәтижеге қол жеткізудің маңыздылығы;»;
«2) адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы. Еңбек өмірді жақсартудың негізгі құралы ретінде. Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.»;
«7) тау жыныстары және оны қорғау. Тау жыныстары туралы түсінік Тығыз және бос тау жыныстары. Пайдалы қазбалар және олардың түрлері Гранит. Құм. Саз және әктас. Ac тұзы. Мұнай және табиғи газ. Адам өмірі үшін пайдалы қазбалардың маңызы. Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану;»;
«2) еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы. Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары. Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы;»;
«3) адам қолымен жасалған заттар, өз еңбегінің құндылығы туралы;»;
Полная версия
ИС BestProfi