Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 239 бұйрығына
2–қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабы 9) тармақшасы негізінде, сондай – ақ «Ішкі су мен теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом (бұдан әрі – диплом) беру; 
2) мемлекеттік қызметті көрсету дәлелді бас тарту туралы жауапты беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрi – ХҚО) құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына/теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына (бұдан әрі – бөлім басшысы) береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына/теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына (бұдан әрі – бөлім маманы) береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, он жұмыс күні ішінде диплом беру бойынша емтихан өткізудің мерзімдері туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты (жеті жұмыс күні ішінде) ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде хабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің бір жұмыс күні ішінде курьер арқылы ХҚО-ға хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдауды жүзеге асырады;
7) хабарламада белгіленген мерзімде бөлімнің маманы бір күн ішінде диплом беру бойынша емтихан өткізуді ұйымдастырады;
8) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушы емтиханды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде диплом ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде дипломға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде курьер арқылы дипломды ХҚО-ға жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөліміне (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөліміне) қарау үшін қарар жіберуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысының көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің маманына қарау үшін қарар жіберуі;
4) хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қою үшін беру;
5) қол қойылған хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты курьер арқылы ХҚО-ға беру;
7) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің маманы диплом беру бойынша емтихан өткізуді ұйымдастыруы;
8) дипломды ресімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қою үшін беру;
9) қол қойылған дипломды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
10) дипломды курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылды:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, диплом беру бойынша емтихан өткізудің мерзімдерін белгілейді және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, оларды қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді, хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт жұмыс сағаты ішінде хабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты курьер арқылы ХҚО-ға жолдайды;
7) хабарламада белгіленген мерзімде бөлімнің маманы бір күн ішінде диплом беру бойынша емтихан өткізуді ұйымдастырады;
8) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде диплом ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт жұмыс сағаты ішінде дипломға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде дипломды курьер арқылы ХҚО-ға жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау жөніндегі біліктік комиссиясының төрағасының атына еркін нысандағы өтiнiш;
2) жеке куәлiк немесе паспорт (қызмет алушыны сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);
3) жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
5) кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы;
6) мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет.
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді:
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
13. ХҚО-ның мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініш пен өзге құжаттарды береді;
2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініш пен құжаттарды тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚО-ның жинақтаушы бөлімінің қызметкері өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;
4) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдауды, сондай-ақ Сканердің көмегімен штрихкодтың түсу фактісін тіркеуді жүзеге асырады;
5) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде оған хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
6) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде дипломды қабылдауды, сондай-ақ Сканердің көмегімен штрихкодтың түсу фактісін тіркеуді жүзеге асырады;
7) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде оған дипломды береді.
14. ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минут.
15. ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
16. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде өзі жеке келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжат пен сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) көрсеткен кезде «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады.
«Кемелердің командалық құрамының
 адамдарына диплом беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары блок-схемасы
Полная версия
ИС BestProfi