Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2015 жылғы
22 cәуірдегі
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес
1-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (02.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Редакция 20.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық (бұдан әрi - ЭЦҚ) қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында, қызмет алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Порталдың жұмыс кестесi - тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкілетті өкіл) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
Полная версия
ИС BestProfi