Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес
2-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 жылғы № 12 Бұйрығымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.01.2018 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (02.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (02.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Редакция 20.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап:
тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) – 11 (он бір) жұмыс күнi;
қайта ресiмделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күнi.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – лицензия, (лицензияны қайта рәсiмдеу) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негізде көрсетiледi.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн лицензиялық алым мөлшерлемелері:
Полная версия
ИС BestProfi