1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 13.04.2020
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (07.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.20209 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 жылғы № 668 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Дайын құжаттарды қабылдау және беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.10.2017 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 жылғы № 668 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша ресімделген күнінен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен қызмет көрсетіледі.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгін немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын беру көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі немесе оның заңды өкілі не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сеніп тапсырылған адамы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз түрінде не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.10.2017 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол:
- азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген - 8 АЕК-ты.
- шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген - 0,2 АЕК-ты құрайды.
Полная версия