Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Осы Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт алынып тасталды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 265 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қалпына келтіру туралы анықтама беру;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 жылғы № 940 Бұйрығына сәйкес (10.02.2017 ж. редацияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 499-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінiң 100 пайызын құрайды.
Полная версия
ИС BestProfi