Близость слов: Окончание:





Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.04.2020 жылғы № 206 Қаулысына сәйкес (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2020 жылғы № 206 Қаулысымен (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 84-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi