1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияга (II бөлім) 6-қосымшаның (1944 ж. Чикаго) талаптарына сәйкес әзірленді.
«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы «___»________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
2. Қағидалар сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жіберу тәртібін анықтайды.
3. Қағидадалар мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – әуе кемесін жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшу үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2) жалпы мақсаттағы авиация ұшуы – коммерциялық әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыстарды аңысыз және талдаусыз орындауға байланысты ұшудан басқа, әуе кемелерінің ұшуы;
3) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат.
5) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік (бұдан әрі - куәлік) – сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мын жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны осы Қағидалармен анықталған талаптарына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
6) ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат.
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру
4. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.
5. Куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
6. Куәлік мерзімсіз беріледі.
7. Пайдаланушының қолымен және мөрімен куәландырылған куәліктің көшірмесі және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерін көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.
Халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің бортында уәкiлеттi органның басшысы, не ол уәкілеттік берген адам қол қойған және мөрімен расталған куәліктің көшірмесі болады.
Полная версия

