Близость слов: Окончание:





Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11780 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 26 маусымдағы
 № 18-03/578 бұйрығымен
 бекітілген
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорықшылық қызметінің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қорықшылық қызметі аңшылық шаруашылығы субъектісі директорының бұйрығымен құрылады және оған (басшылыққа) бағынады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері: аңшылық шаруашылығы директорлары, аға қорықшылар (болған жағдайда), қорықшылар жатады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебінен құрады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің жұмысы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына, осы Үлгілік ережеге негізделеді.
7. Қорықшылық қызметі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын аңшылық шаруашылығы субъектiсі әзiрлейдi және бекiтедi.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.01.2022 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.02.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (20.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Аңшылық шаруашылығының субъектілері қорықшылық қызмет құрылғаннан немесе оның құрамы өзгергеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қызметтік куәлігінің және омырауға тағатын белгісінің нөмірі көрсетілген қызметкерлердің тізімі) ұсынады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.01.2022 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің өкілеттігi және оның қызметінде пайдаланылатын құжаттары
10. Қорықшының құқықтары мен міндеттері:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.01.2022 жылғы № 15 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының аумағында көлік құралдарын тоқтатуға құқығы бар.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) аң аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
11-тармақ өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.09.2022 жылғы № 619 Бұйрығымен (18.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 13.10.2025 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес (07.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт;
«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы;
аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;
жануарларды есепке алу материалдары;
аңшылық шаруашылығы субъектісі, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік;
қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық шаруашылығы субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы;
қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.
Полная версия
ИС BestProfi