«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1 тармақшасына) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11742 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министр Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 19 маусым
Полная версия