«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.03.2015 жылғы № 230 Бұйрығын қараңыз
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысымен бекітілген
Электр қондырғыларын орнату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Электр қауіпсіздігінің шарттары бойынша электр қондырғылары Қағидаларда 1 кВ дейінгі электр қондырғылары және 1 кВ жоғары (кернеудің қолданыстағы мәні бойынша) электр қондырғылары болып бөлінеді;
2) ашық немесе сыртқы электр қондырғылары - ғимаратты атмосфералық әсер етуден қорғамайтын электр қондырғылары.
Тек қана қалқамен, торлы қоршаулармен және т.с.с. қорғалған электр қондырғылары сыртқы электр қондырғылары ретінде қаралады;
3) жабық немесе ішкі электр қондырғылары – атмосфералық ықпалдан қорғайтын ғимараттың ішінде орналастырылған электр қондырғылары;
4) электр үй-жайы – білікті қызмет көрсетуші персонал үшін ғана қолжетімді электр қондырғылары орнатылған үй-жай немесе үй-жайдың оқшауланған бөлігі;
5) құрғақ үй-жайлар – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан аспайтын үй-жай. Осындай үй-жайларда 1-тармақтың 9) - 11) тармақшаларында келтірілген жағдайлар болмаған кезде олар қалыпты деп аталады;
6) ылғалды үй-жайлар – бу немесе конденсатты ылғал аз мөлшерде тек қысқа уақытта ғана бөлінетін, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %-дан астам, бірақ 75 % аспайтын үй-жайлар;
7) сызды үй-жайлар – ұзақ уақыт бойы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 %-дан асатын үй-жай;
8) өте сызды үй-жайлар – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 %-ға жақын (төбе, қабырға, еден және үй-жайдағы сызданған құралдар) үй-жай;
Полная версия