1. Осы Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 1-тармағының 168) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 18-04/1030 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 жылғы № 258 Бұйрығымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2017 жылғы № 312 Бұйрығымен (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.12.2020 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 жылғы № 196 Бұйрығымен (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 жылғы № 176 Бұйрығымен (14.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (01.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
4) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;
5) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 – тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
8) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;
11) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы;
12) конкурс – конкурс жеңімпазына аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бағытталған сауда-саттық нысаны, бұл ретте жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынатын баға болып табылады;
Полная версия

