1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 430 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 тамызда № 11900 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес
Редакция 13.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (04.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (04.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
4-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттiк өтінім:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер;
стратегиялық жоспар жобасының және (немесе) стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасының;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі - Бірыңғай бюджеттік сыныптама);
өткен жоспарлы кезең бюджеттік өтінімінің;
есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептің;
заттай нормалардың негізінде жасалады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде жасалады.»;
«7. Бюджеттiк өтiнiм мыналарды:
Полная версия

