1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген) негізінде Жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 558 бұйрығына 1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 09 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (02.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Регламент өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.02.2016 жылғы № 158 Бұйрығымен (24.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
2) «www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетіле отырып, құжаттардың дайын болғаны туралы хабарлама жолданады.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылың) тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация және (немесе) портал арқылы ұсынған құжаттар топтамасын күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөліміне тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде құжаттар топтамасын қарайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі күнтізбелік 6 (алты) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі Мемлекеттік корпорацияға білімі туралы құжаттың телнұсқасын күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде поштамен немесе Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы жолдайды.
Полная версия