«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 7-5) – 7-10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2025
"Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 582 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11997 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес
1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (2015 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1), 2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«1) осы Қағиданың 11, 12-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
2) осы Қағиданың 13, 14-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осы Ережелерге қосымша бойынша форма мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
3) осы Қағиданың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;»
15) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«15) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 54-56-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;»;
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 11, 12-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 15-17-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі»;
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«6) конкурсты ұйымдастырушының біліктіліктік іріктеуден өткен әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптаманы өткізу мерзімін белгілеуі.
Талқылау қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы Заңның 17-бабында көзделген мерзімдерде, концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
Егер концессиялық жобаның техникалық тапсырмасына және конкурстық құжаттамасына енгізілген осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар экономикалық параметрлердің тиісті өзгерістеріне, сондай-ақ концессиялық жобаның қосымша шығыстарына әкеп соқтырған жағдайда, онда концессиялық жобаның түзетілген конкурстық құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды қайтадан өтеді.
Полная версия

