Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2017
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар алынып тасталды 2017 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 31.07.2017 жылғы № 459 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге берген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеуді субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
5. Субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк-төлем агенті – микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға тиіс;
2) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, микроқаржы ұйымы және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кәсіпкердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ішінара субсидиялайды (бұдан әрі – субсидиялау шарты);
3) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
5) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;
6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) кәсіпкер – өз қызметін кәсіпкерлік мақсатта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісі;
Полная версия
ИС BestProfi