Близость слов: Окончание:





Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11948 тіркелді
Редакция 24.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 8-бабының 7-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 01.10.2024 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (26.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 30.04.2026 жылғы № 79 Бұйрығына сәйкес (15.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралар орындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2021 жылғы № 209 Бұйрығымен (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.04.2023 жылғы № 107 Бұйрығына сәйкес (08.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.12.2023 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 01.10.2024 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (26.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 15.12.2025 жылғы № 246 Бұйрығына сәйкес (01.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 30.04.2026 жылғы № 79 Бұйрығына сәйкес (15.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.tsm.gov.kz
  Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны
  Есепті кезең ________20__жыл
Полная версия
ИС BestProfi