Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына
5 қосымша
«Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәтінен бастап және порталға мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтері болған кезде – 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушімемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғана дейін бір күн қалғанда береді).
Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1)көрсетілетін қызметті берушіде– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушібелгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Полная версия
ИС BestProfi